17.08.2023, 14:30
Оқылды: 100

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтіп жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейдегі банктермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірлескен жұмысты жалғастырып жатыр. Солардың бірінде көпбалалы отбасыларға жәрдемақы алуға өтініш беру мүмкіндігі пайда болды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

телефон

Қазақстанда төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейін бірге тұратын студент балалары бар отбасы көпбалалы болып есептеледі.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ проактивті түрде SMS-хабарлама жауап беру арқылы өтінім білдіруге болады.

Бүгінгі таңда өтініш беру мүмкіндігі Halyk мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде пайда болды. Мобильді қосымша арқылы аталған жәрдемақыны тағайындау үшін қызметті тек 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасылар ала алады.

- Азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының қызметтеріне қолжетімділікті арттыру бойынша түрлі платформада жұмыс жүргізіліп жатыр.

2021 жылдан бастап ЕДБ арқылы тоғыз қызмет іске асырылып жатыр. Көпбалалы отбасына жәрдемақы алуға өтінім беру қызметі биылға қосылған үшінші қызмет түрі, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

- Біз өз қосымшамызға халыққа ыңғайлы мемлекеттік сервистерді қосу бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Halyk қосымшасында бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы, АӘК мәртебесі, жұмыссыз азаматтар туралы мәліметтер және т.б. қызметтер бар екенін атап өткім келеді. Жалпы, қазір тұтынушыларға 48 қызмет қолжетімді. Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз, – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

Бұл қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале