10.03.2022, 15:19
Оқылды: 87

Экология министрі утиль алымның жұмсалуына қатысты деректер ашық болады деді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымға қатысты есеп-қисап жасалғананн кейін, тиісті бұйық бекітілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220310141332316e

Сенаттағы жалпы отырыстан кейін тілшілер министрден утилизациялық алым мөлшерлемесі төмендеген кезде автокөлік құнының арзандауы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«Біріншіден, көлік бағасын біздің министрлік бекітпейді, яғни біздің құзыретке жатпайды. Бұл сұрақтар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты. Қазіргі кезде Индустрия министрлігі тиісті есеп-қисапты дайындап жатыр, дайын болғаннан кейін оны бізге жолдайды. Біздің ведомство осының негізінде тиісті бұйрықты бекітеді», - деді С. Брекешев.

Сонымен қатар министр утиль алымнан түскен қаражаттың жұмсалуы ашықтығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты.

«Бұл мәселе бойынша шешімдерді қоғамдықтық тыңдауға шығарып, оның нәтижесін жариялаймыз», - деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, биыл ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетілетінін айтқан еді.

Сонымен қатар бүгін сенатор Әли Бектаев утиль алымнан құралған қаржыны фермерлерге беруді ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале