22.09.2021, 11:16
Оқылды: 101

Экология министрлігі Жайық өзені күрт таяздануын түсіндірді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_87259

Экология министрлігі бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Атыраудан 25 шақырым жерде орналасқан өзен таяздығы туралы ақпаратты тексеріп, нәтижелерін хабарлады.

Тексеруді Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілдері Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп жүргізді. Бұл жер желді және желден пайда болатын су толқыны аймағында орналасқандығы анықталды. 19 және 20 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан жел Каспий теңізі деңгейіне әсер етті, сондықтан Жайық таязданып, аралдар пайда болды. Қазір бұл аймақта оңтүстік-батыстан жел соғады, сондықтан судың кері толқыны болып, аралдар суға толады.

Мамандар соңғы жылдары өзен бассейнінде су азайғанын атап өтті. "Январцево" өлшеу станциясы шекаралық учаскесінде байқалған ағын 3,5 - 5,5 текше шақырымды құрады, орташа жылдық ағыс 8,14 текше шақырымға жеткен. Жайық өзені ағынының 80 пайызға жуығы Ресей Федерациясы аумағына тиесілі.

Ресейдегі Ириклинское су қоймасы көлемі де 2020 жыл осы уақыттағы 2808 миллион текше километрден биыл 2681 миллион текше километрге дейін төмендеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале