21.02.2023, 13:00
Оқылды: 69

Экологтар қағаз чектен бас тартуды ұсынды

Экология мамандарының айтуынша, қағаз чектен бас тарту арқылы қайта өңделмейтін қалдықты 10 мың тоннаға азайтуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023_02_20___large_zagruzka-2023-02-16t150147.799.jpg

Фото: Egemen.kz

Чектің құрамында «бисфенол А» болғандықтан, оны қайта өңдеу мүмкін емес. Сондықтан экология мамандары чектен бас тарту қажет дейді.

«Жыл сайын полигонға тасталатын чектердің массасы көбейіп келеді. Экологияға зиян қалдықтардың пайда болуын азайту үшін қайта өңдеу инфрақұрылымы жұмыс істейді. Алайда қайта өңделмейтін қалдықтар бар. Біз олардан бас тартуымыз керек», дейді экология мамандары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале