Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Ұлттық экономика министрлігі пайдалы қазбалар өндірісі салығын 3 есе өсіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жинда мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін күшейту жөніндегі бірінші мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. Оның айтуынша, бюджетке түсетін қосымша кірістерді қамтамасыз ету мақсатымен қатты пайдалы қазбалардың үш түріне салынатын пайдалы қазбалар өндірісі салығының мөлшерлемесін орташа есеппен 3 есе өсіру ұсынылады.
Бұл бюджетке түсетін кірісті 300 миллиард теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Министр капиталды сыртқа шығаруға жол бермеу, шетелдік компаниялардың табысына және цифрлық майнингке салық салу шараларын енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек мемлекеттік бюджетке түсетін қосымша кірістер трансферттік баға белгілеуді қадағалау шараларын, кеден мен салық бақылауын күшейтуді қамтамасыз етуге бағытталған.
18:002.06.2023
Коммуналдық саладағы 200 мың жұмысшының айлығы 50 пайыз өседі
17:0111.01.2023
БҚО-да «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау болмайды
16:3011.08.2022
Орал қаласында «Батыс су арнасы» ЖШС-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтеді
16:1511.08.2022
БҚО-да «Дубицкий В.В.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді
2.06.2023, 18:00
11.08.2022, 16:15