5.02.2021, 17:03
Оқылды: 16

Екпе – ковидпен күрестегі ең тиімді жол

Ресейлік «Спутник-V» вакцинасын алуға байланысты әр адам жеке  шешім қабылдайды. Бірақ өзіміздің, балаларымыздың денсаулығын ойласақ, бұл бастамадан сырт қалмағанымыз дұрыс. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.

14111

Вакцинацияның  үш  кезеңі

Өңіріміздің бас дәрігерінің сөзіне қарағанда, ҚР «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық процедура, оның ішінде, вакцинация адамның келісімімен ғана жүзеге асыры­лады. Жалпы елімізде вакцинадан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болып табылады.

Айта кетейік, вакциналау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, шұғыл, алғашқы медициналық көмектің, реанима­цияның, «Жедел жәрдем» бөлімдерінің және сани­тарлық-эпидемиологиялық қызмет құрылымдары­ның қызметкерлері екпе алады. Наурыздың 1-інен басталатын екінші кезеңде мектеп, ЖОО педагогте­рі, қалған медицина қызметкерлері қамтылады. Сә­уірдің 1-інен бастау алатын үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, балабақшалар педагогтері, оқушы­лар мен созылмалы аурулары бар адамдар егіледі деп күтілуде.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 5 ақпан күнгі №10 санында жарияланған танымал журналист Бауыржан Бисеновтің «Екпе – ковидпен күрестегі ең тиімді жол» мақаласынан біле аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале