8.06.2017, 19:06
Оқылды: 75

ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі ертең өтеді

Ekspo kormesi    Астанада 9 маусым күні ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

  Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы - Сфераның (НұрӘлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары көрмені аралап, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай Мемлекет басшылары көрме аумағымен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады.


   ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

   Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале