11.06.2024, 12:00
Оқылды: 114

Ел байрағын биікке көтерген: Қазақстан спортындағы Батыс Қазақстан облысының рөлі

23 маусымда бүкіл әлем Халықаралық Олимпиада күнін атап өтеді. Көптеген елде бұл мереке маңызды датадан бұрын басталады. Olympic.kz биыл Қазақстанның барлық аймағын біріктіріп, ерекше жетістіктер мен ел мақтаныштар туралы материалдар сериясын ұсынып жатыр.

081648E7-B6EC-403C-9427-EAE411E03D6F

Суреттер: Olympic.kz

Батыс Қазақстан облысы отандық спортта орны ерекше аймақтардың  бірі. Бұл өңірден шыққан екі балуан күрестен Олимпиада жүлдесін иеленді. 

A7F2CC75-C58D-44FE-BB91-CF92DE95DB0F

2016 жылы Риода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында Екатерина Ларионова қола жүлдегер атанды. Ол 63 келі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, Ларионова әлем чемпионтында қола медаль алып, Азия біріншілігінде екі рет үздіктер сапынан орын алған.

Даниял Гаджиев де Лондон Олимпиадасында грек-рим күресінен 84 келі салмақта қола жүлдегер атанды. 

FF95E7EF-9408-4A89-8033-0B76C39BBC59

БҚО-да еліміздегі талантты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев дүниеге келген. Ол әлем кубогі кезеңінде топ жарған алғашқы қазақстандық спортшы. Сондай-ақ, ол үш Олимпиада ойындарына қатысып, 2018 және 2022 жылғы ойындарда еліміздің байрағын көтеріп шыққан.

C59391B1-3F18-4535-9432-DC1749F0DFD0

Алдағы Париж Олимпиадасында оралдық Мария Бровкова байдарка мен каноэде есуден сынға түседі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірнеше рет көзге түсіп, 2023 жылғы Азия ойындарында тұғырдан көрінді.

Сондай-ақ, БҚО өкілі Андрей Дергунов аталған спорт түрінен Азия ойындарында жеңіске жеткен. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале