9.01.2020, 15:39
Оқылды: 84

Ел дамуының кезеңдерімен сабақтастырылған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласымен танысып, Абай шығармаларының құндылықтарын ел дамуының кезеңдерімен ұштастырылғанын байқадым.

Шынымен де мақалада қазақы болмысымызға тән ерекшеліктерге тоқталып, бүгінде қоғамда күйіп тұрған мәселелер қозғалған. Мақалада ақынның 175 жылдық мерей тойының қаншалықты маңыздылығы, шараның қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін шара екендігін баса айтты. "Әр қазақтың төрінде М.Әуезовтің "Абай жолы" ілулі тұруы тиіс" дегені өте орны деп ойлаймын. Сондай-ақ мақалада қазіргі өркениетті мемлекеттер атақты тұлғаларымен мақтанса, біз де сондай біртуар тұлғаларымыздың бірі Абай екендігін айта отырып, ақынның "Толық адам" тұжырымын баса назарда ұстап, өміріміздің кез келген саласында негізгі тұғырына айналуы қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар ақынның ұлт бірлігін, әділетті қоғам құру, елдік мұратты дәріптегенін негізге ала отырып, оның бүгінгі еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігіне назар аудартады. Абай шығармаларының өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мол, рухани мұра екендігін жас ұрпаққа айтып қана қоймай, осындай әрбір тәлімін өмірмен байланыстырып отырсақ, жетер жетістігіміз де аз болмасы анық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың осындай құндылықтарды қазіргі қоғаммен сабақтастырған мақаласының маңызы зор.

Ақтілек Нұритденова

Бәйтерек ауданы

 Дариян мектеп-гимназия

интернатының мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале