10.11.2022, 15:45
Оқылды: 37

Ел кубогі "Хан шатырда"

Екі күннен соң ел кубогінің финалы өтеді. Ақтық сынға шыққан оралдық "Ақжайық" пен шымкенттік "Ордабасы" соңғы дайындықтарын пысықтауда.

2

Финалда өнер көрсететін командалар мен футболға деген қызығушылықты ояту мақсатына Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚР кубогінің басты трофейін "Хан шатыр" ойын-сауық орталығының бірінші қабатына қойған.

Қарашаның 11-не дейін тұратын кубок расыменде көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Қос команданы қолдаған жанкүйерлер оның қасында суретке түсуде. Ал жанкүйер болуға шақырған баннерде "Ақжайық" ойыншысы Бауыржан Омаров пен "Ордабасының" үздігі Элхан Астанов бейнеленген.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале