Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы, республикалық олимпиада жүлдегері Айару Әділ «Елбасы медаліне» ие болды.
Оқушыны жан-жақты дамытуды және көшбасшылық қасиетті қалыптастыруды мақсат еткен аталған жобаның ауқымы көпке мәлім.
Кітап оқу, спорт, еріктілік, шығармашылық дағды және ұлттық мұра бағыты бойынша еңбектенген зияткеріміз өз әсерімен бөлісті:
– Бұл жоба мені тұлға ретінде дамытуға зор үлес қосты. Әсіресе, қорғансыз жануарларды құтқару бойынша еріктілер жұмысы ерекше есте қалды. Бұл жетістігімнің бағасы биік. «Елбасы медалі» елін сүйген әрбір жас үшін маңызды марапат деп білемін, - деді Айару Әділ.
Мөлдір Латифова,
Орал қаласы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы