15.12.2020, 10:54
Оқылды: 152

Елбасының жанашырлығы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашты

Еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына ұдайы көңіл бөліп, қолдау көрсететін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы ұстанымының, сарабдал саясатының арқасында біздің компаниямыз да игі жетістіктерге қол жеткізді деп айта аламын.  Ұлт көшбасшысы елімізде кең ауқымды тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына бастамашы болды. Арқаның төсінде еліміздің жаңа астанасы салынды. Осындай іргелі істердің жүзеге асуымен біздің компания да өзіне жұмыс тауып, несібесін құрылыстан тапты. Еуразиялық экономикалық одақ қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға жол ашты.

9AD45AF3-1EAC-43A2-BBAF-051B47768272

Өз басым Елбасының аса мұқият, қамқор жан екендігіне, кәсіпкерліктің көптеген түйткілді мәселесінен терең хабардар екен-дігін білемін.  2008 жылы облысқа  іссапармен келген Мемлекет басшысына «Гидромаш-Орион» зауытында өткен кездесуде алдағы жоба-жоспарларым жайында егжей-тегжейлі баяндағанмын. Ол кезде әйнек өндірісіне енді қадам жасағалы тұрған жас кәсіпорында небары 30 адам жұмыс істейтін. 2007 жылдан бастап еліміздегі өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламалардың қабылдануына байланысты кәсіпорынның тынысы кеңіді. 2011 жылдан бері компания «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылай қолдау-көмек түріндегі несие алып, тапсырыс берушілердің талаптары бойынша терезе, үй жиһазы шынылары және ыстық-суықты өткізбейтін әйнектерді дайындаумен айналысып келеді. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның көмегімен термоөтімділігі нығайтылған шыны, көп қабатты шыны бұйымдарын өндіру жобасы толықтай іске асырылды. Бес жылдан кейін 2013 жылы Президент «Стекло-Сервис» компаниясының өндірістік базасында болып, кәсіпорынның тыныс-тірлігімен танысты, жұмысшылармен жүздесті. Сол кездесуде Елбасы менің бұдан бес жыл бұрын баяндаған жұмыс жоспарларымның орындалу барысын сұрап, ұмыт бола жаздаған сол уақыттағы әңгімеге қайта оралды. Мен бес жыл бойына сол жоба-жоспарымды орындауға күш салып, жаңа технологияларды өндіріске енгізуге жұмыстанғанымды қуана баяндадым. Өндіріс ошағындағы жаңа өндірістік желілердің жұмыстарын көру барысында Нұрсұлтан Әбішұлы инновациялық технологияны өндіріске енгізгенімізді көңіл қанағаттанғандық сезіммен атап көрсеткені әлі есімде. Елбасының жылы, қамқор сөзі төбемді көкке жеткізіп, жаңа жобаларды іске асыруға қанаттандырды.

Қазіргі уақытта компанияның Ресейден әкелінген шикізат көзін өңдейтін станоктар мен құрылғылар шыныларды шаршы, пирамида пішінде қиып, қажеттілікке  сай заманауи технологиямен өңдейді. Төрткүл дүниедегі шыныдан өңделіп жасалатын өнімдердің барлық түрін шығарады десек, артық айтқандық емес. Кәсіпорын соңғы бес жылда әлемдік брендке айналған австриялық «Lisec» компаниясының жабдығы-мен жұмыс істеуге көшті. Өндірістік цехта шынының мықтылығын нығайту жұмыстары финляндия-лық «TamGlass» компаниясының желісімен жүргізіледі. Біздегі шыны өнімдері қарапайым әйнектерден жеті есе мықты. Сондықтан жергілікті көршілес Ресейдің Самара, Саратов, Орынбор, Волгоград, Екатеринбург қалаларынан сұраныс көптеп түсуде. Өндірілген өнім түрлерінің 40%-ы сыртқа шығарылады.

Компаниямыз әйнек өңдеу ісін одан әрі дамыту жұмыстарын үнемі назарда ұстайды. Қазір өндіріс орнында шыны бояу, трафареттік  баспа және дестелеп бояу желісі орнатылып, іске қосылған. Мұн-дағы әдістердің артықшылығы көп.

Мықты, көп қабатты қауіпсіз әйнектерге асқан шеберлікпен салынған суреттердің бояуы кетпейді.

Компания әйнекті лазерьмен кесуді жолға қойған. Мұндай озық технологияны әлемдегі іргелі әйнек өндірісшілері қолданады. Сондай-ақ кәсіпорында аутокөліктерге арналған әйнек өндірісі  жобасы қолға алынып, іске қосылды. Компания өнім түрлерін өндіріп қана қоймай, әр өңірден өзінің филиалдарын ашты. Өндірістің ауқымы жағынан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан  басқа өңірлерде оған балама боларлық өндіріс орны жоқ.

Біздер, кәсіпкерлер, Елбасы айтқандай, тәуелсіздіктің арқасында өз ісімізді қалыптастырып, аяқтарымызға нық тұрдық. Біздің еліме не беремін дейтін кезіміз келді. Бір жылдары мен өз еркіммен «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өттім. Осылайша Елбасы басшылық жасайтын партия қатарына қосылып, өзімнің Нұрсұлтан Әбішұлын толық қолдайтынымды көрсетуге тырыстым. Басында Орал қалалық, кейіннен облыстық мәслихаттың депутаты болып сайландым. Қазір инновациялар және өнеркәсіп комиссиясы құрамында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда  «Стекло-Сервис» ЖШС-да 140-қа тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірісте жас мамандардың үлесі басымдау. Өңірде бұл салаға арнайы, оқытатын орын болмағандықтан сырттан келген жастарды өздеріміз іске баулып, үйретеміз. Әйнек шеберханасын шыны өңдейтін кәсіпорынға шейін дамып, өнімдерге халықаралық сапа сертификатын алған, біздің кәсіпорынның өндірістік жоба-жоспары көп. Талмай ізденуге, халықаралық сапа биігіне жетуге Елбасының батасы ықпал етті, қанаттандырды.

«Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы жылдарынан бергі уақытта мемлекеттік қолдау шараларымен өңірдегі кәсіпкерлердің жалпы шамасы 134,4 млрд. теңгенің 979 жобасы қамтылды. Кәсіпкерлердің 57 жобасы бойынша 2,7 млрд. теңгеге жетіспейтін инфрақұрылым тартылды.

Мақұлданған жобалар негізінде 28,2 мың жұмыс орны сақталып, 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Биыл аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттерден 1,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

- 1 322,4 млн. теңге несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды;

- қарыздар бойынша 146,9 млн. теңгеге кепілдік берілді;

- гранттық қаржыландыру 86 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 1,759 млн. теңге шамасындағы несиелер бойынша 48 келісімшартқа қол қойылды.

Жалпы кепілдік шамасы 178,7 млн. теңге болатын 22 келісімшарт жасалды.

«Стекло-сервис» ЖШС  өнімдерінің 30%-ы Ресей Федерациясына экспортталады, соның ішінде Самара, Қазан, Уфа, Ульяновск, Тольятти, Пенза, Липецк, Саратов және өзге де қалаларына. 2019  жылдың  қорытындысында  орташа  есеппен алғанда өнім экспорты 600 млн теңгені құрады. Енді компания өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге шығаруды  жоспарлап отыр.

Аркадий Рубцов,

«Стекло-Сервис» ЖШС-ның директоры

Валентина Михно, «Отделстрой» ЖШС-ның директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты:

8E026F21-27BF-42BB-84B7-E4F7DD218147

– Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алып, адал еңбегіміздің ақталғанына ұжым болып қуандық. Бұл байқауда «Қызмет көрсетуде үздік кәсіпорын» аталымы бойынша үздік деп танылып, төбеміз көкке жеткендей болды. Өткен жылы да еліміздегі «Іскер» байқауында жеңімпаз атандық. Биылғы көктемде  Оралдағы 2-дақтағы жаңа тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Енді Жұлдыз шағынауданындағы тоғыз қабатты жаңа үйдің құрылысын бітіруге таяумыз. Құрылыстағы жұмыстардың сапасы – күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Сондықтан компаниялар салған үйлерінің тұрғындарға жайлы болуына қатты көңіл бөледі. Екі жылдық кепілдік мерзімі ішінде жаңа үйдегі тұрғындармен жіті байланыс жасап, олардың қабағын кірбің шалмауына күш саламыз. Қазіргі уақытта «Отделстрой» кәсіпорынын-да 200-дің үстінде адам еңбек етуде.

Барша қазақстандықты, жерлестерімді, ел Тәуелсіздігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргідей қиын кезеңде баршамыздың денсаулыққа мұқият қарап, аман-есен болғанын қалаймын және  отбасыларының бақуатты, бақытты әрі еңбекте табысты болуларына тілектестігімді білдіремін.

 Альмира Уюмдасова,

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы:

9878BC90-D512-45E2-9BE5-B947A58EB6CF

– Ел мәртебесінің шарықтайтын төл мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік жылнамасы ел санасында жаңғыратын күн!

Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым. Қаншама ұлт-ұлыс бұл айтулы күнге жете алмастан тарих сахнасынан мүлдем жоғалды. Ал бүгінгі тәуелсіз елдердің әрқайсысы өз мемлекеттілігін құруда сан қырлы белестерден өтті. Бүгінде байтақ ел, сәулетті Қазақстан дамудың даңғыл жолы-на түсті. Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған тәуелсіздіктің маңыздылығы мен тарихы жайында айта берсек, шегіне жете алмаймыз. Тәуелсіздік экономика мен саясатта ғана емес, жеке адамдардың да өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс, жетіс-тік әкелді. Болашаққа деген сенім мен үміттің нәтижесінде рес-публикамыз  дамыған елдермен керегесі кең, терезесі тең болып отыр. Егемен Қазақстанда әр ұлттың ана тілі, мәдениеті дамуда. Мұның өзі ұлтаралық, дінаралық ынтымақтың дамуына үлес қосуда. Халқымыз өткеннен қалған өнегенің, отансүйгіштіктің қасиетін ұғып, түсінуде.

Тәуелсіз елімнің шоқтығы биік болып, абыройы асқақтай береріне сенімім мол!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале