29.03.2022, 12:50
Оқылды: 65

Елде маска режимі жеңілдесе де, шекаралық шектеулер алған жоқ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін АҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан аумағында маска режимі мен Ashyq қосымшасы қызметін тоқтату шешімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

313DD76E-7815-4F49-8624-9A98C48580D3

«Масканы шешу, Ashyq-ты алып тастау сияқты шаралар асығыс шешім емес. Негізгі мақсат – халыққа жағдай жасау. Оның ішінде орта, шағын бизнестің бәріне 100 пайыз жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып отырмыз. Қойып отырған сұрағыңыз өте орынды. Себебі көршілес мемлекетттер, оның ішінде Қытай мемлекетінде, Тынық Мұхиты аймағы елдерінде коронавирустың әлі төмендей қоймағанын байқап отырмыз. Сондықтан біз шекарадағы мәселелер бойынша шектеулерді әлі алмай отырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан тарапы вакцианция паспортын мойындаған 33 мемлекеттің азаматтарында тікелей келуіне мүмкіндік бар екенін атап өтті. «Сонымен қатар, вакцинация алған азаматтарды ПТР-тестсіз енгізуге мүмкіндіктері бар. Ол екіжақты келісілген мемлекетаралық қарым-қатынасқа байланысты», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале