25.08.2023, 16:45
Оқылды: 22

Елдегі басқару қалай бөлінді?

Біле жүріңіз!

1927 жылы өткен  VІ жалпы Қазақ кеңестер сиезі Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық  бірлікті құруға мүмкіндік алды.

жп дала

Нәтижесінде 1928 жылдың 17 қаңтарында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Орталық Атқару  Комитетінің 2-інші сессиясының 6-шы шақырылымы жаңа әкімшілік-территориялық жобаны жоспар ретінде бекітті.

Кейін сессияның шешімімен Қазақстанда 13 округ, 180 аудан құру жоспарланды.

Жоғарыдағы үкімет қаулысына сәйкес, Орал губерниясы 1928 жылдың 15 шілдесінде өзінің жаңа атауын, яғни, әкімшілік-территориялық бірлігін төмендегіше құрады.

Олар: Чижа ауданы, орталығы - село Чижа, Сламихин ауданы, орталығы -  село Сламихин, Жаңақала ауданы, орталығы  село - Жаңа қазан, Талов ауданы, орталығы - село Таловка, Жәнібек ауданы, орталығы село - Жәнібек, Орда ауданы орталығы -  Орда қаласы, Азғыр ауданы, орталығы село - Чапчачи болып бекітілді. Осылайша Орал губерниясы жаңаша басқарудың кеңестік кезеңін бастап кетті.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале