Ғаламторда тарап кеткен бейнежазбадағы ақсайлық полиция қызметкерінің ісі қаралғаны жөнінде БҚО ІІД баспасөз қызметінен ресми мәлімдеме келді.
Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша қызметтік тәртіпті, ҚР Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-бабы 1-бөлімі, 12-тармағына (қызметтік тәртіп өрескел бұзғаны) және 13-тармағына (құқық қорғау органдарының атына нұқсат келтіретін әрекет жасағаны) сәйкес Бөрлі АІІб Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция взводының полицейі ішкі істер органдарынан шығарылған.
Жеке құрам арасында тәрбие жұмысының жүргізілмегені үшін Бөрлі АІІб басшылығы және БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды.