3.02.2017, 18:26
Оқылды: 33

Елді шулатқан бейнежазба кейіпкері жұмыстан шығарылды

pjanyj-policejskij   Ғаламторда тарап кеткен бейнежазбадағы ақсайлық полиция қызметкерінің ісі қаралғаны жөнінде БҚО ІІД баспасөз қызметінен ресми мәлімдеме келді.


     Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша қызметтік тәртіпті, ҚР Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін  ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-бабы 1-бөлімі, 12-тармағына (қызметтік тәртіп өрескел бұзғаны) және 13-тармағына (құқық қорғау органдарының атына нұқсат келтіретін әрекет жасағаны) сәйкес Бөрлі АІІб Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция взводының полицейі ішкі істер органдарынан  шығарылған.

  Жеке құрам арасында тәрбие жұмысының жүргізілмегені үшін Бөрлі АІІб басшылығы және БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале