29.04.2024, 10:29
Оқылды: 7

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті

"Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

elena_rybakina_madri_1714363706

Фото: ktf.kz

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1.

Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале