Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды.
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді, деп жазды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4.
Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Еленп 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.
Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.
zhaikpress.kz