ҚР Президенті жанындағы отбасы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөіндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ жатақханасында орналасқан эвакуациялық пункте болып, сол жерге уақытша орналастырылған тұрғындармен кездесті.
Уақытша орналастыру пунктіндегі халыққа қолдау көрсетіп, заңгерлік, әлеуметтік көмек алу жолын көрсеткен Елена Ивановна сол жердегі тұрғындарды мазалаған сауалдарға да жауап берді. Кездесуге одан бөлек жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Искакова және олыс әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметінің басшысы Гүлзада Рахметова барды.
Олар үйі суға кеткен азаматтарға үй беру жолын қалай жүзеге асырылатынын, арнайы коммисия жұмысы туралық толық түсінік берді.
Жиналған халық балаларын эвакопункт маңындағы балабақша мен мектепке уақытша орналастыру, комиссия шешімімен келіспеген жағдайда қандай әрекет ету жайындағы сауалдарын жолдады. Осының барлығына нақты жауап қатқан Елена Тарасенко ел көтерген мәселенің барлығын жоғарыға жеткізетінін айтты.
Кездесу соңында Елена Ивановна халықты жеке қабылдады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz