9.01.2024, 23:00
Оқылды: 68

Елена Тарасенко Оралдағы екі емхананың жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко Оралдағы екі емханаға барды.

IMG-20240109-WA0059

Алдымен №4 қалалық емханадағы «Демеу» жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда 10 жастан асқан балалар мен 35 жасқа дейінгі жастарға медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, түрлі кеңес беріледі. Жастарды жеке мәселелерімен қабылдап, шешімін табуға қолдау көрсетеді.

IMG-20240109-WA0058

Жергілікті медицина қызметкерлері облыстық жастар денсаулығы орталығын ашу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл ретте олар Қызылорда облысындағы осындай орталықты үлгі ретінде көрсетті. Е.Тарасенко бұл ұсынысты тиісінше талқылап, назарға алатындарын айтты.

IMG-20240109-WA0054

Бұдан соң Елена Тарасенко №5 қалалық емханада болды. Емхана директоры Тимур Ажғалиев бастапқы медициналық-санитарлық көмектің үздік тәжірибе орталығымен таныстырды.

IMG-20240109-WA0057

Айта кету керек, мұндай орталық Орал қаласында әзірше тек осы емханада бар. Мұнда балалардың даму бөлмесі, отбасын жоспарлау кабинеті, оқу-тренинг орталығы секілді бірнеше кабинет жасақталған. Е.Тарасенко аталмыш үздік тәжірибе орталығының жұмысына оң бағасын берді.

IMG-20240109-WA0055

IMG-20240109-WA0056

Айна Имашева,

Фото авторы: Мәди Салық

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале