Ішкі істер органдары – еліміздегі ең ірі әрі көп салалы құқық қорғау құрылымы. Қазіргі таңда Орал қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны бойынша бірнеше штаттық жетіспеушіліктің болуына байланысты басқарма басшылары Орал қаласындағы бірнеше жоғары оқу орындарының студенттерімен, лицей мен гимназияның, жалпы орта білім беретін мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, болашақта қызметке орналасу бойынша кеңес беріп, үгіт-насихат іс-шараларын жүзеге асырып жатыр.
Әр емен-жарқын кездесуде полиция қызметіне қабылданудың талаптары мен іс-қимыл алгоритмдері, полицияда қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтылды. Қиындығы мен қызығы әркез астасып жүретін тәртіп сақшысының қызметі жөнінде керемет баяндалды. Бұл басқосуларда студенттердің көпшілігі Отан алдындағы борыштарын өтеп келген соң, кейбірі Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің академиясына оқуға түсіп, өз өмірлерін ішкі істер органында қызмет атқарумен байланыстырғылары келетінін айтты.
Біздер студенттердің мұндай талпыныстарын ерекше бағалаймыз, әскери саланың қиыншылығы мен талаптарынан өткен үміткерлер арасында тәртіп пен жақсы дене дайындығы болатынына сенеміз. Егер үміткерлер әскер қатарында қызмет еткен немесе жоғары заңгерлік білімі болса әр түрлі лауазымдарға орналасуға мүмкіндігі бар екенін баса айтқым келеді. Полицияға қызметке орналасуға барлық мүмкіндіктерін жан-жақты қараймыз.
Сонымен қатар, полицияға қызметке орналасуға ынталы жастардың мамандығын сүюге, мамандығым-мақтанышым деуге тәрбиелеу еді. Бүгінгі таңда жастар өте білімді, оқуға құштар, ізденімпаз талантты ұрпақ, еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосатын жас буын тәрбиеленуде. Соған сүйсінеміз әрі жастарға зор сенім артамыз.
Жалпы студенттерді полицияда қызмет етуге шақыру немесе жоғары оқу орындарына оқуға түсуге шақыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен Орал қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны жыл басынан жас қызметкерлермен қарқынды түрде жұмыс жасауда, осыған орай егер де жастарымыз болашақтарын құқық қорғау саласында көрсе ішкі істер органдары қатарына келсін. Түсінбеген тұстарын тарқатып айтып, бағыт-бағдар беруге дайынбыз. Мекенжайымыз: Орал қаласы Гагарин көшесі 2/5 ғимараты, 33 кабинет.
Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Нақтырақ айтсам, жұмыс берушінің есебінен алғашқы даярлықтан өтіп, біліктілігін арттыру, атқарған қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты тұрақты жалақы алу, сауықтыруға арналған еңбекақы, қызметтік киіммен тегін қамтамасыз ету,емдеу мекемелерінде тегін медициалық көмек алу,арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндіктері қарастырылған.
Жасы 35-тен аспаған, бойы 170 сантиметрден кем емес, білімі орта және жоғары, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы(әскери-дәрігерлік комиссиямен анықталады) бар жастарымыз хабарлассын дейміз.
Бүгінгі күні полиция қызметкерлеріне мемлекет тарапынан әжептәуір қолдаулар көрсетіледі, ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына қабылданған курсанттар тегін жатақханамен қамтылады. Оқу орындарының базасы жан-жақты қамтылған. Оқуды бітіріп келген курсанттардың барлығы жұмыспен қамтылады,түрлі лауазымдарға орналасады. Ешбірі қызметсіз қалмайды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықпен күресте тірек болатын-тәртіп сақшылары уақытпен санаспай сапта жүреді, қызметте жүрген полиция қызметкерлерінің ерлікке толы бірнеше жұмыстары бар. Жастарымызға үлгі болатындай, қырағы, епті, шыңдалған қызметкерлер қатары көп-ақ. Орал қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонында әр жас қызметкерге еңбек өтілі бай, кәсіби шеберлігі шыңдалған қызметкерлер тәлімгер болып бекітіледі.
Кеше ғана жоғары оқу орынын аяқтап келген маманды еңбекке баулып, кәсіби шыңдау мен ортаға бейімдеу мақсатында тәлімгерлердің атқаратын қызметі зор. Тәлімгер-жас маманның жанашыры. Теориялық білімді оқып келген жас маманға тәжірибеге бай, ұжымында беделді, кәсіби шеберлігін жастарға жеткізіп үйрете алатын, еңбек өтілі мол қызметкерлер бекітіледі.
Баршаңызды, жастарды Отанды сүюге, патриоттық рухта болуға шақырамын, таңдаған мамандықтарыңыз мақтанышқа айналсын.
Сабит Калиоллиев,
полиция капитаны Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары
Бос лауазымдарға орналасуға байқау өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, Орал қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны 950340000245, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 2/5. Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткерген жағдайда).
Қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см, білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).
Толық ақпаратты алу үшін 8-(7112) 92-17-54, 92-17-12, 8 705 254 86 66, 8 747 606 42 95 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.