13 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 157 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссия таратқан деректерге қарағанда, 35 пациент стационарда, 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгін 7 азамат қауіпті індеттен жазылып шығып, қатарға қосылды. Оның 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында тұрады. Бүгінде елімізде барлығы 1 292 089 адам COVID-19-дан емделіп шықты», - деп жазды ведомство.
12 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 514 841 адам, екінші компонентін 9 292 996 адам салдырған. Pfizer екпесінің алғашқы дозасын 1 207 136 адам, екінші дозасын 1 088 855 тұрғын қабылдады.