3.11.2022, 17:15
Оқылды: 38

Елімізде 1,8 млн адам тұмауға қарсы вакцина алды

Республика халқының 9,5 пайызы тұмауға қарсы вакцина алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакцинациядан кейін асқыну жағдайы тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, маман аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтауды ұсынды:

- адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу;

- бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту;

- қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану;

- науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау;

- ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу керек;

- медициналық көмекке уақтылы жүгіну керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале