«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 миллиард теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған
29 Қыркүйек 2023

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 миллиард теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған

Елімізде 22 мыңнан астам жетім бала бар

Қазақстанда 22 080 жетім бала бар, оның 3 790-ы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8fb6f0a4-a0d3-4a36-8bb6-2ce14248b370

«Жетім балалардың құқығын қорғау мақсатында отбасылық құрылымның баламалы нысандары енгізілді. Сонымен қатар қамқоршыларды, асырап алушы отбасыларды материалды ынталандыру көзделген. Бүгінде елімізде 22 080 жетім бала бар, оның 3 790-ы балалар үйінде тәрбиеленуде. Одан бөлек, ел өңірлерінде жетім балаларға қолдау көрсету және өмірге бейімдеу бойынша «Балалар үйі түлектерінің өмірі мен мансабын жоспарлау» жобасы іске асырылып жатыр», - деді Еділ Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр еліміздегі ерекше балалардың жағдайына тоқталып өтті.

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар 188 мың баланың құқығы ерекше назарда. Оның 97% психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Жалпы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық және жекеменшік ұйымдарда қосымша білім алу және түзету-педагогикалық қолдаумен 183 159 ерекше бала қамтылды. Бұл - жалпы санның 97,4 пайызы. Ерекше балаларды оңалту бойынша олардың жеке қажеттілігіне қарай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары қарастырылған», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале