Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото дереккөзі: baq.kz
Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.Сонымен қатар қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды.