Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар статистикасын жариялады.
29 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 976 006 адам, екінші компонентін 8 502 383 адам салдырды.
Осы күні «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 330 124 адам, ІІ дозасын 129 009 адам алды.
І компонент
Жасөспірімдер – 265 373
Жүкті әйелдер – 18 821
Бала емізетін әйелдер – 45 910
ІІ компонент
Жасөспірімдер – 104 428
Жүкті әйелдер – 6 939
Бала емізетін әйелдер – 17 637.
Дереккөз: ҚазАқпарат