16.09.2022, 17:46
Оқылды: 43

Елімізде 3,2 млн азаматтың міндетті медициналық сақтандыруы жоқ

МӘМС-ке төлем аудару барша қазақстандықтар үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев осындай мәлімет айтты.

«Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істеп, МӘМС-ке төлемдер барлығы үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін шаралар қабылданды. Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізілді», - деді Айдын Ашуев.

Айтуынша, бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады.

«Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа механизм 5 қыркүйектен бастап іске қосылды. Сақтандырылмаған азаматтардың 30%-дан астамы осы әдісті қолданады деп топшыланып отыр.

«Алайда, бұл халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет. Ол жергілікті атқарушы органдармен, Мемлекеттік аумақтық бөлімшелерімен және Ішкі істер министрлігімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуі керек. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады», - деді қор басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале