1.10.2022, 17:07
Оқылды: 42

Елімізде 60 жастан асқан қанша азамат жұмыс істейді

Биылғы жылдың басында Қазақстанда 60 және одан жоғары жастағы халық саны 2 909 666 адамды (елдің жалпы санының 14,2%) құрады, оның ішінде 1 167 732 адам (40,1%) – ерлер және 1 741 934 адам (59,9%) – әйелдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

DBC8D6B3-6000-4C33-B4FB-396C5DCB31FA

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, егде жастағы халықтың ең көп саны Қостанай облысында (314 592 адам), Қарағанды облысында (222 511 адам), Түркістан облысында (215 088 адам) және Алматы облысында (197 270 адам) тұрады.

Былтыр 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 393,5 мың адамды құрады, оның 56,3% - ерлер және 43,7 % - әйелдер. 2020 жылмен салыстырғанда 60-64 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған халық саны 12,3% артты. Бұл ретте осы жас тобындағы әйелдер бойынша өсім 32% болды.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы зейнет жасындағы профессор-оқытушылар құрамының саны бойынша мәлімет ұсынды. Оған сәйкес, 2021-2022 оқу жылының басында ЖОО мен жоғары оқу орынанан кейінгі білім беру орындарындағы 63 және одан жоғары жастағы ерлер саны 2 889 адамды, 58 жастан асқан әйелдер саны 3 953 адамды құрады.

Оның ішінде магистрдің академиялық дәрежесі барлар – 291 адам, философия докторлары – 150 адам, бейіні бойынша доктор – 55 адам, ғылым докторы – 1 556 адам, ғылым кандидаты – 3 445 адам, профессор – 1 386 адам және доцент – 2 141 адам.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале