15.07.2024, 16:15
Оқылды: 77

Елімізде 700-ге жуық колледж студенті жеке стартап жобаларын бастады

Қазақстанның 20 колледжінде «Business Startup» студенттік орталықтар құрылды. Бұл орталықтар студенттердің өз ісін ашуы үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

DC0DE5D1-9259-4B33-80A8-890301D52511

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгінде 700-ге жуық колледж студентінің қатысуымен студенттік орталықтарда 167 стартап-жоба жүзеге асырылуда. Мұндай стартап жобалар еліміздің барлық өңірлерінде құрылып, экономиканың түрлі салаларын қамтуда.

«Өңірлердегі «Business startup»  студенттер орталықтары – тың бастамалар мен бизнес-идеяларды қолдау және жүзеге асыру алаңына айналуда.  Осындай ең ірі жобалардың бірі Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері құрған егістіктерді суарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Сондай-ақ Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері экологиялық таза, көп рет пайдалануға болатын қаптамалар жасауда. Кез-келген күрделіліктегі веб-сайттар мен мобильді қосымшалар жасау жобасы да табысты жүзеге асуда», - дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық колледждерде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 70%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

Оған қоса, жыл сайын кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент оқуға қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале