8.08.2024, 14:30
Оқылды: 28

Елімізде Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Республикалық деңгейде шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

0EEAA388-3423-4903-A9FF-D9E3643D8B27

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа...» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале