8.07.2022, 11:45
Оқылды: 44

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты

Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 40%-дан аса көрсеткішке артты. Бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі сайтында.

e2264c6632b960f0938a28e9d268f8ca_1280x720

Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін артып отыр.

Қолданыстағы ПМПК-ларды кеңейту және жаңаларын ашудың арқасында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды арттыру мүмкін болды. Мысалы, былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баланың дамуындағы проблемаларды ерте анықтау және түзету үшін қосымша жағдайлар жасалып жатыр. Ол үшін қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтарының саны артып келеді», - деп айтты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале