Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 40%-дан аса көрсеткішке артты. Бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі сайтында.
Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін артып отыр.
Қолданыстағы ПМПК-ларды кеңейту және жаңаларын ашудың арқасында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды арттыру мүмкін болды. Мысалы, былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жетті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баланың дамуындағы проблемаларды ерте анықтау және түзету үшін қосымша жағдайлар жасалып жатыр. Ол үшін қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтарының саны артып келеді», - деп айтты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми
10:0324.05.2023
Алматылық оқушы қала тарихымен таныстыратын ерекше қосымша ойлап тапты
14:4517.05.2023
Ауыл мектептері арасында арнайы республикалық пән олимпиадасы өтеді
14:4415.05.2023
40-шы Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль еншіледі
12:4420.03.2023
Елімізде 900-ден аса оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды
24.05.2023, 10:03
17.05.2023, 14:45