Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша қала бар екенін жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елімізде қала саны артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда үшке артқан. 2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.
Олардың ішінде:
39 — облыстық маңыздағы;
48 — аудандық маңыздағы;
3 — республикалық маңыздағы;
Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8-ден.
Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған. Бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.
Ең көп қала тұрғындарының саны республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.