26.07.2024, 11:00
Оқылды: 81

Елімізде электронды сауда және биржа қалай дамып жатыр?

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы электронды сауда көлемі шамамен 1,5 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдық көлемнің шамамен 62% құрайды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

E55616C9-BEEC-41CC-AB44-355FE17276FA

Фото: pixabay.com

• «Атамекен» ҰКП және ірі маркетплейстермен бірлесіп Kaspi.kz, JMart.kz, Wildberries, Ozon, MTi электронды сауданы оқыту курстары басталды. Бүгінгі таңда 800-ден астам кәсіпкерлік субъектісі осы курстардан өтті.

• Электронды сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспары әзірленіп, қабылданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық кезінде қарыздарды субсидиялау мен кепілдендіруді қоса алғанда, электронды сауда субъектілерін қолдау шаралары қабылданды.

• Қазақстандық тауар өндірушілер халықаралық сауда алаңдарына белсенді түрде шығарылуда. Мәселен, Alibaba.com-да биыл шарттарға қол қою және шағын сайттар құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан 47 компания іріктелді. Мемлекеттік қолдау іске қосылғаннан бері 290 компания өз өнімдері үшін шамамен $346 млн табыс тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале