2030 жылға дейін қосымша 2 млн-ға жуық маман қажет. Нарықта кімдер сұраныста болады? Бұл туралы Qazaqstantv жазды.
Сурет: pixabay.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, олардың басым бөлігі яғни бір миллионы кәсіптік техникалық білімі бар қарапайым жұмысшылар.
Оларға сұраныс жоғары білімі бар мамандармен салыстырғанда 70 пайызға артық болмақ.
Ал ең қажет мамандықтар тізімін дәнекерлеуші, сантехник, құбыр жүргізуші, электромеханик, шахтер, фермерлер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері бастап тұр.