Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтарудың жаңа қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне жалақыдан бірыңғай төлемді енгізуді көздейді және оны төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін белгілейді.
Бірыңғай төлемге жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ Құжатта Бірыңғай төлемді есептеу тәртібін және бірыңғай төлемді бөлу және аудару, сондай-ақ оны қайтару тәртібі қарастырылған.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұйрық жобасын қабылдау микро және шағын бизнес субъектілерінің еңбекақы қорына түсетін жалпы жүктемені азайтады.
Құжат 14 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.