10.02.2025, 11:45
Оқылды: 275

Елімізде Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы басталды

10 ақпан күні оқушылар арасында XIII қысқы Қазақстан оқушыларының Гимназиадасы басталды. Спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен, 12 жастан 18 жасқа дейінгі 700-ге жуық оқушы қатысады, - деп жазады Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы.

cd361c9c271749668afec102e04451bb_1280x720

Сурет: nnpcfk.kz

Гимназиада сегіз қысқы спорт түрі -  шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль жиынтығы және 15 жиынтық кубок ойнатылады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында дені сау жастарды тәрбиелеу мен мықты спорт ұлтын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол үшін болашақ чемпиондарға жол ашу үшін бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада - бұл жай ғана жарыс емес, таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын шабыттандыруға арналған алаң",-деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов.

XIII қысқы Қазақстан оқушыларының Гимназиадасы Батыс Қазақстан облысы Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале