Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. Бүгіннен бастап жұмыс уақыты ұзарады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.
Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған.
Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлікті тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
Еске сала кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО Орал қаласы бойынша Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан.