25.06.2024, 17:00
Оқылды: 51

Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған. Бұл жөнінде ҚазАқпарат жазды.

F62A9F17-8720-4B64-BA99-6DFAB12A9DDF

Фото: pixabay.com

«Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген», - деді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін алға тартып отыр. Ауырған 10 адамның төртеуі жан тапсыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта елімізде әр ай сайын 350-ден 400-ге дейін адам көкжөтелді жұқтырып жатқан көрінеді. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді екенін еске салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале