29.08.2024, 11:00
Оқылды: 73

Елімізде коронавирусты анықтайтын тестілер қаншалықты тиімді?

Елімізде КВИ-ді анықтайтын тестілер жаңартыла ма? Бұл тестілер мутацияланған түрін анықтауға қауқарлы ма? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп жазды ҚазАқпарат.

BBBA23FB-BE85-413B-8FF9-6DB256C7524A

Сурет: pixabay.com

«Зертхананың биологиялық материалында SARS-CoV-2 коронавирус ангтигенін сапалы анықтау үшін кейінгі жылдары негізінен Ресей мен Қазақстанда өндірілетін тест-жүйелер қолданылады. Бұл тест-жүйелері SARS-CoV-2 вирус антигенін анықтау үшін арнайы жасалған, сонымен қатар инфекцияны тиімді диагностикалауға мүмкіндік береді», - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Комитет ақпаратына қарағанда, елімізде 2024 жылдың 7 айында 1290 КВИ жағдайы анықталыды және өлім-жітім тіркелген жоқ. Таяуда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті КВИ-ге қатысты ел арасында тараған алып-қашпа сөзді жоққа шығарды. 

Тамыз айының орта кезінде министрлік КВИ бойынша жағдай бақылауда тұрғанын және мониторинг жүріп жатқанын жариялады. 

Министрлік мәліметінше, КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале