8.04.2024, 16:44
Оқылды: 46

Елімізде өрт қауіпті кезең басталды

Биылғы жылы еліміздің жеті оңтүстік өңірінде өрт қауіпті маусым 20 наурыздан басталды: Алматы қ., Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

өрт

Қалған аймақтарда өрт қауіпті маусым 8 сәуірден басталады.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады. Егер Қазақстанда жазғы уақытта орташа температура 19-23 градус болса, онда алдағы жазғы кезеңде, Қазгидромет мәліметтері бойынша, 40 градусқа дейін және одан жоғары болады.

Өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде ТЖ министрлігі өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеулеріңіз;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеуді;

- табиғатта болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз қалуы, сабанды жағу және орман мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.

 

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале