2024 жылғы I тоқсандағы республика бойынша жалақының орташа мәні 382 279 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім:
Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша – 251 997 теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға, Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9% байқалды.
Айта кететін жайт, жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.