Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастап та кетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналында: «Биылғы 7 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады. Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді. Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, «СҚ-Фармацияның» құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді s.ayaganova@anticorruption.gov.kz, s.aidarbekov@sk-pharmacy.kz электрондық мекенжайларына және 8-707-987-98-33 whatsapp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз», - делінген.
zhaikpress.kz