10.07.2025, 20:00
Оқылды: 129

Елімізде ұлттық стандарт жобаларын жасанды интеллект сараптайды

Қазақстанда ұлттық стандарт жобаларын сараптау үдерісіне жасанды интеллектіні қолдану жоспарланып отыр.

929503b4-7fe0-427c-8a50-461ef277b537
Сурет: freepik 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық стандартты әзірлеу барысында жасанды интеллектіні қолдану мәселесі қозғалды.

— Қазір ұлттық стандарт жобаларының сараптамасын адам жасайды, яғни ол қолмен жүргізіледі. Бірақ, біз жасанды интеллектіні енгізгіміз келеді. Жасанды интеллект сараптама жасап, ұқсас стандарттарды, талаптарды анықтай алады. Бұл қайталау болмайды деген сөз, - деді Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау және тауарлардың шығу тегі басқармасының басшысы Нұрбек Қазбек.
Оның айтуынша, іс жүзінде жаңа стандарттар қолданыстағы стандарттарды қайталайтын жағдай жиі кездеседі.

- Жасанды интеллектіні енгізу стандарттар жобасын қолданыстағы нормативтермен автоматты түрде салыстырып, талдау процесін жеңілдетуге және жеделдетуге, сондай-ақ болуы мүмкін қателіктер ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді,- деп толықтырды министрлік өкілі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале