11.09.2023, 11:15
Оқылды: 31

Елімізде жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жалғасуда

Кезекті отырысқа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев және YPO Kazakhstan өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

63EF7731-4592-4A3B-8BC5-FF22924E4493

ҰЭМ басшысы өз сөзінде атап өткендей, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары кәсіпкерлермен, сарапшылар қауымдастығымен және депутаттармен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда 700-ге жуық ұсыныс қаралды.

Кездесу барысында қатысушылар болжамды салық саясатын қалыптастыру, экономиканың жоғары табысты салалары үшін негізгі салықтар бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау, арнайы салық режимдерін реформалау, сән-салтанат заттарына жоғары салық салу және т.б. мәселелерді талқылады.

D83DBF59-FEDE-4E84-8BD1-A45D9617D388

YPO Kazakhstan өкілдері осындай кездесулердің

маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған тәсілдер бойынша ұстанымдарын айтты.

Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша кездесулер жалғасатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале