11.07.2022, 15:00
Оқылды: 101

Елімізде жеке куәлік пен төлқұжатты кімдер тегін ала алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

cb1047d846cf4e819dbb24b79cfd8308

Куәлік пен төлқұжат алатын кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
  • мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

    Қателесіп баж салығын төлеп қойған жағдайда не істеу керек

    Егер сіз жеңілдік санатының өкілі бола тұрып, мемлекеттік баж салығын қателесіп төлесеңіз, бұл жағдайда ақшаңызды қайтара аласыз.

    -Ол үшін, ең алдымен, ІІМ аумақтық органына жүгініп, жеңілдік санатын растайтын құжатты ұсыну қажет. Орган сізге төленген түбіртектің талап етілмегені туралы анықтама береді. Бұл анықтамамен ХҚКО-ға жүгіну керек немесе сомманы қайтару үшін eGov арқылы өтінім беру қажет. Өтініш қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына қате төленген сомма түседі, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале