27.09.2023, 16:15
Оқылды: 55

Елімізде жылу 1 қазаннан бастап беріледі

Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев елімізде жылу 1 қазаннан бастап берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ЖП казтрансгаз

Сондай-ақ ол елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт болып, нәтижесінде 300-ден астам адам қайтыс болатынын жеткізді.

Бұл ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қазанынан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты, - деді Марғұлан Аманбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале