Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы Олжас Қабенов еліміздің халықаралық жолдарындағы интернет қашан дұрысталатынын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ұлттық жоба ретінде біз инфрақұрылымды салуға шамамен 61 млрд теңге және мобильді интернетті қамтамасыз етуге шамамен 30 млрд теңге жұмсауды жоспарладық. 30 – операторлар өз есебінен, 61-республикалық және жергілікті бюджеттен, - деді Қабенов.
Сондай-ақ Қабенов сапалы интернет ең алдымен республикалық маңызы бар жолдарда болатынын атап өтті.
Жоба 2024 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады.
Жасұлан Ордабаев