18.03.2022, 10:50
Оқылды: 66

Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейді

Соңғы кезде Қазақстаннан автокөлік сатып алғысы келетін Ресей азаматтарының саны күрт көбейген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты мәлімдеді.

 U5IOuJW26tVhtkDkoA7tIkU7jHKEmvobl0mGTjd2

Еліміздегі автокөлік алыпсатарларының есебінше соңғы бірнеше айда бізден көлік сатып алғысы келетіндердің саны 10 есеге артқан. Көрші ел тұрғындарының көлік іздеп, еліміздің солтүстік өңірлеріне ағылуына бірнеше себеп бар.

Ресей Федерациясында шетелдік машина құрау зауыттары жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ дайын техникаларын да әкелмейтін болды. Әрі рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген. Мысалы, Қытай концерні прайс бағасын 50%-ға дейін жаңартты. Бұл үрдіс барлық дерлік брендтерде байқалады. Ал, Қазақстанда құрастырылатын машиналардың бағасы әзірше сол қалпында. Ең арзаны 5 млн 700 мың теңге. Ресейліктердің де көз тігіп отырғаны осы бағасы арзан отандық көліктер екен.

Ресей азаматтары бұған дейін де бізден көлік сатып алатын. Бірақ ол кезде лукс санатындағы қымбат көліктерді таңдайтын. Ал соңғы кезде ең арзан деген маркаларды көбірек таңдап жатыр. Бұл қарқынмен кете беретін болса, еліміздің автокөлік құрастыратын зауыттары бағаны бұлай арзан күйінде ұстап тұра алмауы мүмкін. Себебі автобөлшектер бізге де шетелден әкелінеді. Бағасы күн сайын көтеріліп барады. Қазіргі кезде көлік сатып алуды жоспарлап жүргендерге кезекке тұра беріңіздер дегім келеді, – дейді автокөлік салонының сату жөніндегі директоры Евгений Бибер.

Әзірге ресейліктер онлайн да, офлайн да тапсырыс беріп жатыр. Егер олар жаппай сатып алуды бастайтын болса, кезекте тұрған отандастарымыз көлік алуды әлі де ұзақ күтуі мүмкін. Оның үстіне, жақында елімізде 4 пайызбен автонесие беру бағдарламасын қайта қолға алып, ішкі нарықтың да сұранысы артуына әсер етті.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале