27.08.2022, 14:30
Оқылды: 69

Еліміздің 2027 жылға дейінгі дамуының 3 сценариі аталды

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында елдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220614102905086e

«Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамына сәйкес 2022 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 104,2 АҚШ доллары деңгейінде болады деп күтілуде.

2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3%-ті құрайды. Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленді.

Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар деңгейінде және АҚШ долларының есептік бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9%-ті құрайды, оның ішінде 2023 жылы - 4%», - деді министр.

Айтуынша, оптимистік сценарий кезінде мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110 доллар, АҚШ долларының бағамы – 440 теңге деңгейінде анықталған.

Ал экономиканың орташа жылдық өсуі 4,2 % деңгейінде болжанып отыр.

«Пессимистік сценарийде мұнай бағасы барреліне 60 доллар және ЖІӨ-нің болжамды нақты өсуі орта есеппен 3,5%-дті құрайды.

Инфляция барлық сценарийлерде 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы – 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025 – 2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді деп белгіленді», - деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале